Энергетика министрі бензин бағасының төмендеуіне түсінік берді

Энергетика министрі бензин бағасының төмендеуіне түсінік берді

10.06.2019 Новости


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Қазақстанда бензин бағасының арзандауы нарықтық жағдайға байланысты болып тұр. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатынын кейін тілшілерге Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде Қазақстанда жоғары октанды бензин бойынша, яғни АИ-92 және АИ-95 бензиніне қатысты профицит жалғасып келеді. Осы орайда бұл жағдай нарыққа әсер етуде, бензин бойынша ұсыныс көп. Ал тұтыну көлемі қарқынды өсіп жатқан жоқ», — деп тоқталды министр.

Оның сөзіне қарағанда, осы жағдай мұнайшылар үшін тиімсіз болып тұр.

«Себебі олар үшін ішкі нарыққа мұнай жеткізудің тиімділігі төмендеуде. Экспортпен салыстырғанда айырмашылық айтарлықтай жоғары. Ал тұтынушылар үшін бұл жағдай тиімді екенін белгілі. Алайда нарық бұған тиісті бағытта әсер етеді», — деді Қанат Бозымбаев.

Сонымен қатар ол көршілес Ресей мен Қазақстанның нарығындағы ахуал әртүрлі екенін жеткізді. Әзірге Қазақстанда бензин арзандаса, Ресейде баға өсіп келеді.

«Бүгінде ішкі нарықта мұнай өнімдеріне баға нарықтық негізде қалыптасады, яғни Argus котировкасы негізінде. Бұл өз кезегінде нақты нарықтық баға белгілеу болып саналады», — деді министр.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/energetika-ministri-benzin-bagasynyn-tomendeuine-tusinik-berdi_a3536362”